• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Азия чемпионына қамқорлық көрсетілетін болды

    [ 2018 ] 21 қыркүйек, 04:09  |  Қоғам

    Нұрнияз Көшбаев нағыз ер тұлғалы, тепсе темір үзетін шағында екен. Тіфә-тіфә, тіл-көзіміз тасқа, дене бітімінен спортпен шұғылданатыны айқын аңғарылып тұр. Шынында да ол мектепте оқып жүргенде-ақ спортпен айналыса бастапты. Оның балалық шағы – Түрікменстан Республикасының Небиттаудағы Балқанабад қаласында өтіпті. Түрікменстанда спорттың қамшыласу түріне қатысып, көзге түскен көрінеді. Одан спорт шеберлігінің кандидаты дәрежесіне қол жеткізеді.

    Нұрнияз 2009 жылы Отанының ортасына оралады. Әке-шеше, үй-ішімен көшіп келіп, Жаңаөзен қаласының Теңге ауылына қоныстанады. Жаңаөзен политехникалық колледжінде оқып, 2012 жылы құрылысшы-техник мамандығын алып шығады. Оқу бітіргеннен кейін екі-үш жерде жұмыс істеді. Мәселен, Жаңаөзендегі «Ақсарай» қонақ үйінде әкімші, Ақтаудағы УНА коммерциялық компаниясында шебер, Жаңаөзендегі  «Coffet River” кафесінде әкімші болып жұмыс жасаған.

    - Денсаулығымды сақтау үшін Жаңаөзенге көшіп келгесін өзімше жарты жылдай бокспен айналыстым, - дейді Нұрнияз Бекниязұлы. – 2015 жылы таныстарымнан есітіп, спорттың ММА түріне келіп, шұғылдана бастадым. Спорттың бұл түрі – ережесіз күрес сияқты. Бірақ ережесі бар. Тек әдіс-тәсілдері соған ұқсайды. ММА – маған  ұнады. Сосын уақытпен санаспай жаттығуға тура келді. Бұл жекпе-жекте көп ұзамай жетістіктерге жете бастадым. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген қазақ ұлттық спортының IV фестивалінде үшінші жүлделі орынға ие болдым. Бұл – менің алғашқы жетістігім болғандықтан ба, жекпе-жекке деген жігерімді жанып, құлшынысымды арттыра түсті. Одан кейін панкратион, грек рим, жекпе-жектен облыста өткен сайыстарда бірінші орындарды иелеп жүрдім. Менің жетістіктерім 2017 жылдың басынан бастап көбейді десем де болады. Сол кездері облыстық жарыстарда біріншіліктерді қолдан бермей, Қызылорда да өткен Қазақстан чемпионатында панкротионнан үшінші орын алып, қола медальға ие болдым. Одан кейін Ақтауда өткен кәсіби жекпе-жектен де жеңіске жеттім. Үстіміздегі жылы наурыз айында Май-Тай деген бокстан Талдықорғанда өткен спартакиада да екінші орынды иемдендім. Содан бір ай өткеннен кейін Қарағанды қаласында панкротионның элит түрінен екінші орын, сосын тағы панкротионның традейшн түрінен де екінші орынға ие болып, ауылға қос жүлдемен оралдым.

    Нұрнияз осы Қарағандыда болған жарыстың қорытындысымен Қазақстан құрама командасына мүшелікке қабылданды. Көп ұзамай, өткен тамыз айында ММА-дан болатын Азия чемпионатына қызу дайындалды. Ол чемпионат Қытайдың Харвин қаласында болды. Оған спорттың әр түрі бойынша Қазақстаннан спортшылар қатысты. Солардың ішінде ММА бойынша қатысып жатқан Нұрнияз Көшбаев та бар еді. Тыңғылықты да, тиянақты жаттығулардан бабында тұрған жас жігіттің бағы жанып, қарсыластарынан басым түсіп, чемпионаттың бас бәйгесін қанжығасына байлап, Азия чемпионы атанды.

    «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» дейді қазақ. Сол айтылғандай Нұрнияздың айналасындағы ата-ана, ағайын-туыс, бауырлары мен бірқатар құрбы-құрдас, дос-жарандарынан басқа, жалпы көпшілік оның осынау жетістіктерінен бейхабар еді. Барша жұртшылық түгіл билік те естімеген. Біз сұхбаттасып, әңгімелесіп, көпшілікке жарияламасақ әлі де белгісіз болып қала беруі ғажап емес еді. Өйткені бүгінгі кейіпкеріміз ауыр мінезді, кісіден көмек сұрауды арға балайтын секілді. Сондықтан шамамыз келгенінше қарлығаш көмегімізді беріп, септесуіне септігімізді тигізуге тырыстық. Оның да әртүрлі объективті және субъективті себептері бар.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Биыл Ақтауда «Жасыл ел» бағдарламасымен 300 жас еңбек етті

    Біріншіден, қызғанса да, күндесе де Қазақстанның қаба сақалды «өнер майталмандары» көзге ілмей жүрген Димаш Құдайбергенді қытайлар қолтығынан демеп,  шабытына жол ашып, өрісін кеңейтіп, атағын әлемнің түкпір-түкпіріне жайып, аспандатып жіберген жоқ па? Сондай да кім біледі, алдымызда жүрген Азия чемпионын аңғармай, аузымызды аңқайтып қытекеңдер «құда түспей-ақ» азғырып алып кетуі әбден мүмкін ғой.

    Екіншіден, «Жоқ жомарттың қолын байлайды» деп басқа емес, тағы да біздің қазақ айтқан. Неде болса, өте дұрыс, көрегендікпен айтылған сөз. Сол айтылғандай, қазіргі кезде күннен-күнге белең алған қымбатшылық, ұлттық теңгенің сәт сайын құлдырауы, кімнің болса да, аузымен қанша құс тістеп отырса да, қолымен қосып аяғын да матап тастағалы тұр. Әйтеуір, жомарт жанды жігіттеріміздің жүрегі аман, ниеттері түзу болғай!

    Олай дейтін себебіміз, біз әңгімелеп отырған чемпион жігітіміз көптен бері жұмыссыз екен. Өзі өткен жылы үйленіпті. Әкесі – Бекнияз Жаңаөзендегі «ҚазТрансГазАймақ» мекемесіне жақында жұмысқа орналасыпты. Анасы – Наурызхан Бекиева қаладағы №11 орта мектепте орыс тілі пәнінен сабақ беретін оқытушы. Жалпы отбасы мүшелерінің, 5 баласы 1 келінімен 6 баласының ауыртпалығы осы анасының жартусыз жалақысына қарап отырған сияқты. Ал Нұрнияздың жарыстарға барғандағы ішіп-жемі мен жолақысын Ақтау қаласында өткен жылы ашылған аралас жекпе-жек мектебінің ұжымы көтерген. Әрине, оларда шекелері шылқығандықтан емес шығар, жас жігіттің келешегінен үлкен үміт күткендіктен «шапалақпен бет қызартып» жүрген болар. Сол үшін аралас жекпе-жек мектебінің басшылығы мен жаттықтырушы бапкерлеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

    «Қайыр етсең бүтін ет, жарты қайыр жараспас» дегендей Нұрнияз Көшбаевты осындай себептерге байланысты Жаңаөзен қаласының әкімі Ә.Дауылбаевқа бастап барып, таныстыруға тура келді. Әділбек Құлынтайұлы ММА бойынша Жаңаөзеннен шыққан Азия чемпионын қуана қарсы алды. Алдағы уақыттары да биік белестерден көрініп, әлемдік додаларда қазақтың көк байрағын көкке көтере беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ қала басшысы оны тұрақты жұмысқа орналастырып, жарыстарға қатысуға демеуші болатын азаматтарды тауып беретіндігін айтып, көңілін көтеріп тастады. Шаһар басшысының шаттыққа толы тілегінің шарапаты тигендей чемпион жігіт ұшатын қырандай қомданып, тағы бір шыңды бағындыруға ертеңіне Қызылордаға аттанып кетті.

    Жолың болсын, Нұрнияз! Ата-анаңның ақ тілегі мен еліңнің үмітін ақтауға құдай саған күш-қуат, абырой, бедел бергей! Әрқашан мерейің үстем болғай!

    Мұратбай ҰЛЫҚПАН

    1004
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам спорт
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қор салымшыларымен кездесті

    Келесі жаңалық

    «Маңғыстаудың көзі тірі энциклопедиясы...»

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстауда спорт басқармасы отбасылық үлгідегі балалар ауылын жаңа жылмен құттықтады

      [ 2023 ] 4 қаңтар, 17:54
      2155

      Ақтауда әскери қызметшілер арасында самбодан іріктеу турнирі өтіп жатыр

      20 тамыз, 16:22
      3451

      Ақтаулық теннисші АҚШ-тың ашық чемпионатында сынға түседі

      19 тамыз, 12:44
      2386

      Маңғыстаулық оқушылар суда жүзуден Азия чемпионы атанды

      19 тамыз, 10:13
      2336

      Маңғыстауда көркем гимнастикадан VIII «SHAGALA» халықаралық турнирі өтеді

      15 тамыз, 16:36
      2897

      Маңғыстау облысында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында мас-рестлингтен жарыс өтті

      12 тамыз, 19:29
      2148

      Рубрикалар

        Біле жүріңізМәдениетЖарнамаАнықтама бюросыМаңғыстауБайқауМұнайлы

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3230

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2985

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2824

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3281

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3092

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3067

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»