• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Қоныстанушыларға қолдау көп

    [ 2018 ] 5 шілде, 11:42  |  Қоғам

    Мұнайлы аудандық «Нұр Отан» үйінде екі қолға бір күрек таппай жүрген жұмыссыз жастарға, «Ата кәсіп – елге нәсіп» дегендей, белгілі бір кәсіпті дөңгелетсем деушілерге немесе «Бабы келіссе, бақ жанар» демекші, өзге атырапқа қоныс аударуға дайын тұрғындар үшін еліміздің Павлодар өңірінен және Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласынан келген арнайы өкілдердің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

    Жәрмеңкені Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Берік Біләлов сөз сөйлеп ашып, Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жә­не әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аманғали Нұрдаулетов, «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұқанжан Камалов алыстан ат арылтып келген меймандарға жылы лебіздерімен жұмыстарына сәтті­лік тіледі. Елбасы бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысына жұмыс күштерін іздеп келушілермен аз-­кем тілдескен едік.

    ─ Бүгінгі күні біздің ауданымызға дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, математика, ағылшын пәндерінің мұғалімдері және бастауыш сынып оқытушылары, мектепке дейінгі бала­бақшаларға тәрбиешілер, мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бүгінгі күні бізде ауылдық округтердің бас мамандарына ар­налған 12 бос орын бар.

    Біздің аудан – Павлодар облысындағы мал шаруашылығымен, өсім­дік өсірумен айналысатын аудан. Сол себепті бізге тәжірибелі трак­торшылар, сауыншылар, слесарьлар, суармалы егістікпен, жермен айналысатын, егін, көкөніс егуге құнтты азаматтар болса, біздің өңірге қоныс аударуларына болады. Өйткені біздің аудан Ертіс өзенінің жа­ғасында орналасқан. Су өте мол. Пайдаланылмай жатқан жерлеріміз көп. Қазіргі үкіметтің беріп жатқан несиелеріне байланысты жер алып, мал шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтарды біз өз жерімізге қуана шақырамыз. Шөп, мал азығы жағынан ешқандай мәселе жоқ.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстаулық мешіттер бес айда 1 460 адамға көмек берген

    Біздің аудан негізінен мал, жылқы және қой өсіреді. Бүгінгі күні ауданымызда 154 шаруа қожалығы бар. Соған сәйкес малды асылдандыру жұмыстары мұқият қолға алынған. Сондықтан біздің жаққа барып, үлкен іспен айналысамын деген кәсіпкерлер болатын болса есігіміз әрдайым ашық.

    Әрине көшіп келуші отбасыларына, біріншіден, әрбір отбасы мүшесіне 35 АЕК (84179 теңге) мөлшерінде бір рет субсидия беріледі. Екіншіден, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидия беріледі. Бұл жыл бойына, егер 1 адам болатын болса 15 АЕК, 2 адамнан 4 адамға дейін 18 АЕК, 5 адамнан жоғары болатын болса 21 АЕК көлемінде қарастырылған. Ауылдық жер болғандықтан үйлердің құны 500 мың теңгеден басталады да, аудан орталығында 3 млн. теңгеге дейін қымбаттайды. Қазір бізде бос үйлер өте көп. Өйткені 1941 жылдары депортация болды, білесіздер. Неміс, шешендердің барлығын біз жаққа көшірді. 1954 жылы тың игеру жұмыстары жүрді. Сондай науқан кезінде бізге көптеген басқа ұлттың адамдары келіп, тәуелсіздік алғаннан кейін өздерінің тарихи Отанына көшіп кеткендіктен бос үйлердің саны көбейіп жатыр. Одан кейін урбанизация процесі, жұрттың көбі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жинаған ақшаларын салып, қалаға көшіп жатыр. Соның әсері біздің ауылдық жерлерге бүгінгідей жағдайларды, мүмкіншіліктерді туғызып отыр. Біздегі жұмыс орындарының көбеюі неліктен? Кәсіпкерліктің жақсы дамуынан. Жергілікті халқымыз қара малмен, жылқы, қоймен, егін шаруашылығымен жақсы араласып жатыр. Мысалы, аумағымызда тары, бау­бақша егеді. Кәсіпкерлердің саны көбейіп жатқандықтан бізге жұмыскерлер тобы қажет боп тұр.

    Мектептерге келетін болсақ, Май ауданы бойынша 14 мектеп бар. Біздің аудан – Павлодар облысындағы ең қазақы аудан. Бізде мектептер­дің, балабақшалардың және іс­-қағаздарының барлығы қазақ тілінде. Себебі біздің ауданның 90 пайызы жергілікті тұрғындар – қазақтар. Қалған, орыс, неміс ұлтының өкілдері қазақтанып кеткен, мемлекеттік тілде жақсы сөйлейді. Мектептердің материалдық­техникалық базасы өте жақсы деп айта аламын. Мысалы, 2 балаға бір компьютерден. Ол деге­німіз – өте үлкен жетістік. Барлық мектептерде жаңа модификациялық үлгідегі кабинеттер бар. Компьютерлерге жоғары жылдамдықтағы интернет қосылған. Әр кабинетке интерактивті тақталар қойылған. Яғни балалардың білім алуларына барлық жағдай жасалған. Бізде барлық мектептер бір ауысымда жұмыс жасайды. Өйткені балалардың саны өте аз. Мысалы, бір сыныпта 5­8 бала оқиды. Мектептеріміз бұрынғы кездері салынғанымен олардың барлығына күрделі жөндеу жұмыста­ры жасалынған. Қарасаңыз, қаланың мектептерінен артық болмаса, еш кемшілігі жоқ. Сондықтан математика, ағылшын, қазақ тілі пәндерінен білімі бар мұғалімдерге айтарым, ойланыңыздар, ­- дейді Павлодар облысы, Май ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мадина Құсайынова.

    Әсел ТАҢАТАРОВА

    1127
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам аудан тынысы
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Құтты қоныс іздеушілерге қолдау бар

    Келесі жаңалық

    Күйші Серіктің еңбек белестері

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Бейнеу аудандық ауруханасы жаңа автокөлікпен толықты

      5 қаңтар, 16:29
      5492

      Бейнеуде жаңа спорт мектебі ашылды

      [ 2023 ] 24 қараша, 11:58
      3956

      Мұнайлы ауданында "Менің атым - Ұзақбай..." атты жыр кеші өтті

      [ 2023 ] 24 сәуір, 17:47
      1820

      “Түнгі қаладағы жасөспірім”: Мұнайлыда 118 құқықбұзушылық анықталды

      [ 2023 ] 13 ақпан, 15:48
      1376

      Бейнеу ауданында екі футбол алаңы пайдалануға берілді

      [ 2022 ] 22 қазан, 10:48
      1831

      ҰҚК "Бейнеуліктер" қылмыстық тобын құрықтады

      [ 2022 ] 21 қазан, 08:57
      1117

      Рубрикалар

        Қызық дерекАуыл өміріДенсаулықФотоЖастар бетіБіле жүріңізЖаңалықтарБайланыс мәліметтеріРухани жаңғыруҚазақстан жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3033

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2780

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2617

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3087

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2900

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2846

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»