Аталған жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 күн ішінде барлығы 118 әртүрлі құқық бұзушылық деректері анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 1 бөлігі "кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23.00-ден таңғы 6-ға дейінгі болуы” бойынша -71, ал ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1 бөлігі «кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы» бойынша-5, ҚР ӘҚБтК-нің 435 бабы «кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша-18, ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы «кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамауы» бойынша-17, ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабы «кәмелетке толмағандардың түнгі ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» бойынша - 2 құқық бұзушылық деректері анықталды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 200- бабы яғни, «жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу» бойынша - 5 құқық бұзушылық деректері анықталып тиісті шара қолданылды.
Аталған іс-шара 3 кезеңнен тұрады, яғни қаңтар айының 27,28,29 және ақпан айының 3,4,5 және 10,11,12 ақпан күндері өткізілді.