Ақпан айында 14 жастағы кәмелетке толмаған қыз анасымен бірге Ақтау қаласында орналасқан облыстық перинаталдық орталықтың дәрігеріне әлеуметтік себептермен жүктілігін тоқтатуды өтініп жүгінген болатын. Жүктілік мерзімі 13/14 апта болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұл туралы перинаталдық орталық мамандары 102 арқылы Ақтау қалалық жедел полиция бөлімінің орталығына хабарлады.
Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, қамауға алды.
Күдікті жәбірленушінің әкесі екені белгілі болды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тіркелген.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.