Мұнайлыда белгісіз біреу тұрғынның ұялы телефоны мен ақшасын қорқытып алып кеткен. Оқиға туралы сағат 22:00 шамасында Ақтау қаласының Жедел басқару орталығынан нұсқама түскен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің инспекторлары сағат 22:30 шамасында күдіктіні ұстаған.
"Атамекен елді мекенінің тас жолын патрульдеу кезінде мемлекеттік нөмірі 745 "lada priora" автокөлігінің жүргізушісі күдікті ретінде тоқтатты. Күдіктіге тиісті хаттама толтырылып, Ақтау қаласының жедел-тергеу тобына тапсырылды. Ал автокөлігі Мұнайлы аудандық айыптұраққа жабылды", - дейді Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің баспасөз қызметі.