Алматыда өткен «NFC 34» халықаралық турнирінде бейнеулік Шыңғыс Қайранов пен Жомарт Роман жеңіске жетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шыңғыс Қайранов Тәжікстан елінен келген Асадулла Рустамовты айқын басымдықпен жеңсе, Жомарт Роман алматылық Мәулен Әшімханды 18 секундта нокаутқа жіберіп, жеңісті қанжығаға байлады.
Спортшыларды Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов қабылдап, спортты дамытудағы қосқан үлесіне алғыс білдірді.