2023 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 21:58 шамасында 102 кезекшісіне Ақтау қаласының өндірістік аймағында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы қоңырау түсті. Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына қарай бет алған Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ 21150 көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан ВАЗ 21150 көлігіндегі жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша Маңғыстау облысы ІІД Бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.