Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады. Сондай-ақ өңірдің қауіпсіздігі мен қоғамдық құқықтық тәртібін қамтамасыз ету үшін 3 модульдік өрт сөндіру бөлімінің құрылысы жоспарланып отырған көрінеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты baq.kz-ке сілтеме жасап.
Оның қатарында «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру да қарастырылған.
2025 жылға қарай бұл шараларды іске асыру шеңберінде жалпы өңірлік өнім 32%-ға, өңдеу өнеркәсібі көлемі 43,3%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Ауыз сумен қамту 100%-ға, халықтың нақты табысы 40,3%-ға дейін өседі. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейін 100%-ға дейін артатын болады. 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады, - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.
Оның айтуынша, облысқа келетін жыл сайынғы туристер ағыны 4,6 есеге артады.
Сондай-ақ бір тұрғынға тұрғын үй көлемі 27,2 шаршы метрге дейін ұлғаяды және мектептердегі үш ауысымды оқыту жүйесі реттеледі. Жалпы, Кешенді жоспарды іске асыру облыс халқының әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ экономикасын тұрақты дамытуға мүмкіндік береді, - деді Әсет Ерғалиев.