Биыл 4 мектеп, ал 2025 жылға қарай тағы 22 білім ордасы бой көтереді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңа оқу жылының алдында Ақтауда Шығыс-1 тұрғын массивінде 300 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 3 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Яғни, Ақтаудағы 32 А шағын ауданындағы, Бейнеу ауылындағы мектеп үлкейтіледі және Өмірзақ ауылындағы мектеп қайта қалпына келтіріледі.
Осы жылдың басында Ақтаудағы жаңа шағын аудандарда және Мұнайлыда жаңа мектептердің құрылысы басталды. 1200 орындық 3 мектеп Ақтауда және 1 мектеп Мұнайлы ауданында бой көтеріп жатыр. Құрылыс 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған.