Ақтау есептік-технологиялық колледжінің студенттері шәкіртақы төленбей жатқанына наразы. Олар соңғы рет шәкіртақы қыркүйек айында берілгенін айтып, мәселені әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау технологиялық колледжінің студенттеріне шәкіртақы қашан төленеді? Қала және облыс әкімдіктері қалыптасқан жағдайды біле ме?! Бұл колледждің біраз студенті аудандардан келіп оқиды. Шәкіртақы – олардың жалғыз табыс көзі. Шәкіртақы төлеу жүйелілігі қашан реттеледі?! Мұндай жағдай тек осы оқу жылында болып отыр және шыдам таусылды, - дейді желі қолданушысы.
Шәкіртақыны төлеу мәселесін анықтау жөнінде редакциядан облыстық білім басқармасына сауал жолданды.
Айта кетейік, колледж студенттерінің шәкіртақысы биылдан бастап 20 948 теңге болды.