mangystaumedia.kz оқырмандарының назарына «Kazakh osseter» зауытындағы балықтан уылдырық алу процесін ұсынамыз.
Балықтан уылдырық алу үшін балықтар алдын ала дайындалады. Балықтар екі ай шамасында қыстақта тұрады.
Толғақ шақыратын екпе салынған соң уылдырық алу процесі басталады.
Балық уылдырықты бірден төкпейді. "Балықтар да адам сияқты", бұл процесс кезінде арасында демалады.
Уылдырық алу кезінде балық мамандардың жіті бақылауында болады.
Мамандар балықтың уылдырықты механикалық жолмен алады. Яғни, адамның көмегінсіз өнім алу қиын.
Өнімді жинаған соң мамандар оны консервілеуге жібереді.
Ал бұл Мәскеуден арнайы алынған ыдыстарда консервіленген уылдырық.
Суретте уылдырық алу процесін жүргізген «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының» мамандары мен зауыт басшысы Тұрсынгүл Жақыпова.
Суреттерді түсірген Талант Құсайын