1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Маңғыстау облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде спорттық жарыстар өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Іс-шараға мекемеде жазасын өтеп жатқан өзге ұлт өкілдері қатысты. Олар гір көтеру, шахмат, арқан тартыс, асық ату, үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен жарысты.
— Іс-шаралардың мақсаты — жазасын өтеушілердің бос уақытын пайдалы іске жұмсау, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, - дейді мекеме бастығының орынбасары Дәурен Иманғазин.
Іс-шараға қатысушылар жақсы спорттық дайындықты ғана емес, сондай-ақ ұжымда әрекет ету қабілетін де көрсетті.