Әлеуметтік желілерде 3 шілде күні сағат 19.00-де Ақтауда теңіз жағалауында әнші Юрий Шатуновты еске алуға қатысты шара өтеді деген ақпарат тарауда. Ақтау қаласының әкімдігіне шараны ұйымдастырушыларынан хат келіп түспегендіктен, шараны өткізуге рұқсат берілмеген. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Бүгін ақтаулықтар домбыраның қоңыр үнІн тыңдай алады. Сағат 20:00 теңіз жағалауында Амфитеатрда “Домбра күніне” орай шара өтеді.