Бүгін, 3 мамыр 14 ш/а теңіз жағасындағы заңсыз кәсіпкерлікке полиция өкілдерімен бірлескен кешкі мониторинг жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде ескертуді елемеген кәсіпкерлердің ойын машинкалары мен велосипедтері тәркіленді.
Айта кетейік, теңіз жағалауында заңсыз сауда-саттықпен айналысып жүрген азаматтарға қала әкімдігі тарапынан бірнеше рет жазбаша ескертулер беріліпті.
Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта жалғаспақ.