Бейнеуде еңбек ардагері Мизам Досщиевті еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Жарыс 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтті. Оған 12 команда, 250 спортшы қатысты.
- Турнирге еңбек ардагері Мизам Досщиевтың ұлы Таңатжан Досщиев демеушілік көрсетіп, дзюдо федерациясымен бірлесе отырып спорттық шараны жоғарғы деңгейде өткізді. Екі күнге созылған спорт додасында командалық есепте Бейнеу ауданы 1-орын, Ақтау қаласынан келген «Тұрар Жолдыбаев атындағы дзюдо орталығы» 2-орын, Маңғыстау ауданы 3-орын иеленді. Барлық жүлдегерге лайықты сый-сияпаттар табысталды, - деді Бейнеу аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Нұрлыбай Ауданбаев.
Шараға аудан әкімі Бейнеубек Әбілов, Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Асылбек Жолдыбаев бастаған қонақтар қатысты.