Гвардейск гарнизонындағы жауынгер Әлібек Қалбайдың өліміне күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Бас әскери прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.
ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы әскери қызметші Әлібек Қалбайдың қаза тапқаны туралы қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстады.
Ол бірге шақырылған сарбаздың әріптесі болып шықты.
Ұстауға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді.
Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі).
Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасуда.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға, Қорғаныс министрлігіне және басқа да құзыретті органдарға жедел және мұқият тергеу жүргізуді, Жамбыл облысының Гвардейский ауданындағы мерзімді әскери қызметшінің қаза болуының нақты себептерін анықтауды тапсырған.