Оқыс оқиғаға ұшыраған азаматтың жұбайы Наурызова Мираға хабарласып қосымша ақпарат алдық, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Оның айтуынша, оқиға кеше күндіз болған. Сонымен қатар, жарақат алған адам - Даулбаев Жалгас Наурузович деген 1979 жылғы азамат.
- Қазір жолдасым үйде, жағдайы жаман емес. Ауруханаға перевязкаға барып келіп тұрады. Ал «Тазалықта» жұмыс жасамайды дегенге келсек, иә ол жердің жұмысшылар тізімінде емес. Жолдасымның тұрақты жұмысы жоқ. Сондықтан әкімдікке жұмыссыздық бойынша тіркелген. Сосын әкімдік оны «Тазалықтың» жұмыстарына жіберген. Яғни мекемеге ресми түрде жұмысқа тұрмай, жұмыссыздықтың атынан сонда жасап жүр. Түсінбестік осыдан шыққан шығар. Жалпы мұндай жағдай қайталанбау үшін, бұралқы иттерді азайтқанын қалаймыз, - деді Мира Наурызова.