"Адай ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінің "Қарашаңырақ" ғимараты алаңында "Сән үлгісі - көркем мінез" атты дәстүрлі және заманауи ұлттық киімдер көрмесі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Көрмені "Отпан" МКҚК ұйымдастырды. Көрермендер республикаға, облысқа танымал тігін шеберханалары мен жеке шеберлердің туындыларын тамашалады.
- Кәсіпорынның ұсынысын қабыл алып, үлкен дайындықпен қатысқан: "Ақбөбек" ательесі, жетекшісі - Ақбөбек Аязханқызына; "Жібек жолы" ательесі, жетекшісі - Айнұр Таңбайқызына; " Өнер" ательесі, жетекшісі - Феруза Оразғұлқызына; " Сая" ательесі, жетекшісі - Сая Жолдасқызы және республикаға танымал шебер Әуес Сағынаеваға кәсіпорын атынан, шараға қатысқан көрерменнің атынан үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Дәстүрлі қалпын сақтай отырып сәнделген ұлттық киім қай адамның да сымбаты мен ажарын аша түсері сөзсіз, - деді "Отпан" МКҚК қызметкері Жомарт Айдарбек.