Түпқараған ауданында балық өнімдерін дайындайтын цех іске қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба құны 83 млн. теңге. Қуаттылығы жылына 292,8 тоннаны құрайды. Ал дайын өнім 144 тонна, өңделген өнім 96 тонна, балық ұны 52,8 тоннаны қамтиды. Цехтың құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Алдағы уақытта мұнда балықтан филе, фарш, ысталған және консервіленген балық шығарылатын болады.
Цехтың техникалық директоры Амалбек Төлеумағанбетовтің айтуынша, қазір өндірістік ұн шығарылып бастады. Бұл ұнды құс, мал азығына және егіншілікке тыңайтқыш есебінде пайдалануға болады. Жоба толық іске қосылғанда 15 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Техникалық құралдармен қамтылған.
- Күніне 2 тоннаға дейін балық қалдықтарынан ұн шығаратын станогымызды орнатып, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұдан бөлек басқа да станоктарымыз орнатылды. Қазір бір күнде 1 тоннаға дейін балық ұнын, жарты тоннаға дейін құрама азық шығарып тұрамыз. Сұраныс бар. Бұл Қазақстандағы осындай жалғыз цех болғандықтан Мәскеуден де, еліміздің өзге өңірлерінен сұраныстар түсуде, - деді Амалбек Төлеумағанбетов.