Ақтау қаласындағы №14 жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі Тулембетова Айсұлу Багитовна ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қабылдауында болып, білім саласында елеулі жетістіктері үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы - 2021» құрметті атағына ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәжірибелі ұстаз «Оқу материалында логикалық байланысты қоя білуге үйрету» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайды. Ұстаз оқушылары қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары атанса, білікті маманнан білім алған түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуден жыл сайын жоғары нәтиже көрсетуде.
Тулембетова Айсұлу Багитовна - жас ұрпақты тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі үшін қала, облыс, республика көлеміндегі түрлі марапаттардың иегері, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы, педагог – шебер.
Жеңімпаз ұстазымызды жетістігімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.