Бүгін Жаңаөзен қаласында шаһардың 50 жылдық мерейтойына орай «Жаңаөзен марафон – 2018» атты денсаулық марафоны болып өтті. Бұл марафон Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығына сілтеме жасап.
Шараға Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы директорының орынбасары Маржан Мустафина, Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Арғын Қалбаев пен Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ғани Құрманғалиев қатысты.
Әмин Тұяқов атындағы стадионда өткен марафонда жас мамандар, студенттдар мен спорт үйірмелерінің тәрбиеленушілерімен бірге шара қонақтары да 5 шақырым жолды жүгіріп өтті.
50-ден аса адам қатысқан марафонда ерлер арасында І орынды Серік Бисенбаев жеңіп алса, қыздар арасында Мадина Теңелбаева алда келді. Оларға Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы атынан ноутбук сыйға тартылды.
Суреттер Жаңаөзен жастар ресурстық орталығының парақшасынан