Бүгін Маңғыстау облысының спорт саласының 30 шақты қызметкері коронавирусқа қарсы екпе алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл вакцинаны өзімнің денсаулығым үшін салдырдым. Індеттен аулақ болу үшін екпе алуымыз керек деп ойлаймын. Сақтықта қорлық жоқ. Болашағымыздың жақсы болғанын қалаймын, - дейді облыстық спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев.
_Xzr3jMGFn2HvwnPiepNWRAPAPlWmUV.jpeg)
Дәрігер вакцина алған азаматтарға бауыр, асқазан, өтке әсер ететін салмақ салмау керек екенін ескертеді.
_I07NOg4hj9KNpnt6j4zdpNR2DGicu2.jpeg)
Әркімнің организміне байланысты вакцинаның қосымша әсері болуы мүмкін. Вакцина салдырған спортшылар үш күн ішінде жаттығуды белсенді жасауға болмайды. Кәсіби спортшылар вакцинадан кейін физикалық күш жұмсауды азайту керек, - дейді Ақтау қалалық № 2 емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Баян Есберегенова.
Облыстың спортшылары вакцина алуды бұдан әрі жалғастырады.
Махаббат Нұржанқызы
