Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Абылай Фазылбек ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікірімен бөлісті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ауыл әкімін сайлауға әр тұрғын жауапкершілікпен қарауы тиіс. Өйткені, ауылдың болашағы халық сайлаған әкімнің жұмысына байланысты болмақ. Ауыл тұрғындары таңдаған әкім ауылдың ілгерілеуіне, көркеюіне үлес қосатыны сөзсіз. Халық сайлаған әкім арқалаған жауапкершіліктің маңызды екенін сезініп, өнімді қызмет ететіні белгілі. Сол себепті ауыл әкімін сайлауда әр тұрғынның дауысы маңызды, - деді Абылай Фазылбек.