Жуырда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жанындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті онлайн форматтағы отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселе Қызылтөбе ауылдық округінің лауазымды тұлғасына қатысты қозғалған тәртіптік іс. Бұл жағдайда да тәртіптік істің қозғалуына құқық қорғау органынан келіп түскен заңбұзушылықты жою туралы ұсынысы негіз болды.
Ұсынуда аудан прокуратурасымен жер заңнамасының сақталуына, соның ішінде ұзақ уақыттан бері игерілмеген жер учаскелерді анықтау және оларды мемлекет меншігіне қайтару бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, кемшілікке жол берілгенін анықтаған.
Яғни, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, бір азаматқа Қызылтөбе ауылдық округінің лауазымды тұлғасының шешімімен 2018 жылы уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен 3 жылға дейінгі мерзімге жер учаскесі табысталып, кейін лауазымды тұлға жер пайдаланушының жерін мәжбүрлеп алмай, керісінше жер учаскесін уақытша пайдалану мерзімін бір жыл мерзімге ұзарту туралы шешім қабылдаған.
Әдеп кеңесінің мүшелері іс құжаттарды мұқият зерделей келе лауазымды тұлғаға қатысты әдеп кодексінің талаптарын бұзған деп тауып, оған «қатаң сөгіс» сипатындағы тәртіптік жазаны қолдануды ұсынды.
Шешім қабылдау барысында кеңес мүшелері лауазымды тұлға игерілмеген жер учаскесін мемлекеттік меншігіне қайтару бойынша дер кезінде шаралар алмағаны, осылайша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерін тиісті дәрежеде орындамауына және қарамағындағы жер саласы маманынан заңнама талабының сапалы орындалуын талап етпегенін негізге алды.
Сонымен бірге, кеңес мүшелері жоғарыда аталып өткен барлық тәртіптік істер бойынша орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында, жоғары тұрған мемлекеттік мекеме басшыларына кінәлі лауазымды тұлғаларға құқықтық көмек көрсету шараларын ұйымдастыру және өз салалары бойынша құзырлы орган өкілдерін қатыстыра отырып түсіндіру іс-шараларын (интернет-конференциялар, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, консультациялық көмек беру т.б.) өткізу бағытында жұмыстарды жандандыру туралы ұсыныстар енгізді.
Кеңес соңында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша баяндамасы тыңдалып, мемлекеттік орган басшысына тиісті ұсыныстар берілді.
Отырысты қорытындылай келе, аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов мемлекеттік қызметшілерге күнделікті қызмет барысында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттілігіне баса назар аударуды түсіндірді.