Апат орнына "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" МБ қызметкерлері мен 3-дәрежелі арнайы техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Өрт сөндірушілер ауданы шамамен 80 шаршы метрді құрайтын "Балалар әлемі" балалар киімі дүкені мен "1000 ұсақ-түйек" кеңсе тауарлары дүкені , азық-түлік және дәмдеуіштер сататын дүкеннің жанып кеткендігін анықтады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі нақтыланып жатыр.
"Өрт 23 сағат 23 минутта сөндірілді. Оқиға орнында ТЖД тарапынан 6 бірлік техника және жеке құрамнан 30 адам сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 16 техникасы және жеке құрамның 81 адамы жұмылдырылды.