Ақтауда "Жас батыр" спорт мектебінің жүлдесіне арналған көркем гимнастикадан ашық турнир өтті. Турнирге Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан және Мұнайлы ауданынан келген 160-қа жуық спортшы қатысты. Командалық есепте Ақтау қаласы 1-орынды иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Турнирде 2004-2014 жыл аралығындағы қатысушылар бақ сынады. Олар жеке және топтық бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Топтық сайыста 2004-2005 жылғы қатысушылар арасында Мұнайлы ауданынан келген Ұлжан Абдрахман топ жарды. 2006 жылғы қыздар арасында жүлделі 1-орынды ақтаулық Әсел Аманкаирова алды. Ал Жансая Жанбуршиева (2007 жылғы) және Рысбике Сейбағыт (2008 жылғы) топтық сайыста жеңіске жетті. Ал жеке бағдарлама бойынша өнер көрсеткен жаңаөзендік Әсемай Узбекбай (2009 жылғы) 1-орынды иеленді. 2010 жылғы қатысушылар арасында "Жас батыр" спорт мектебінің оқушысы Аққуым Манарбекқызы көптің көңілінен шығып, жүлделі болды. Сондай-ақ Галина Иванова (2012 жылғы) және Мұнайлы ауданынан Айзере Серік (2013 жылғы)1-орынды қанжығасына байлады. Жаңаөзендік Айкөркем Амангелді 2014 жылғы қыздар арасында жеңімпаз атанды. Жалпы командалық есепте Ақтау қаласының "Жас батыр" спорт мектебі 1-орынды алды. Ал Мұнайлы ауданы 2-орынды иеленсе, Жаңаөзен қаласы 3-орынды қанжығасына байлады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді Жас батыр спорт мектебі ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="80980,80981,80979,80982,80984,80978"]