Бүгін, 3 шілдеде өткен республикалық "Қазақстан барысында" маңғыстаулық балуан Нұрдәулет Жарылғапов күміс белбеу иегері атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Боз кілемде 6 сағатқа созылған балуандар сайысы мәресіне жетті. Қалың бұқараға "Қарабура" деген лақаппен танылып, Маңғыстаудың атынан аттанған Нұрдәулет Жарылғапов күміс белбеуді қанжығалап, 5,5 млн теңге қаржылай марапат алды.
Ол ширек финалда шымкенттік Нұрсәт Темірханнан үстем түсті. Финалға дейін жауырыны жерге тимеген Нұрдәулет, ақтық сында Қызылорда балуаны Мақсат Исағабыловқа есе жіберді.