Шілде айының алғашқы жексенбісінде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін тойлайды. Биыл мейрам 3 шілде күніне сәйкес келді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ұлттық домбыра күні 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген. Мереке қоғамда ұлттық мәдениетті, бірегейлікті сақтап, оны жаңғырту идеясының айналасында одан әрі топтастыру мақсатында бекітілді.
Былтыр Ұлттық домбыра күніне арналған концертте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мереке халқымыздың тарихи тамыры тереңде жатқан төл өнерін дәріптейтінін атап өтті.
Айта кетейік, бүгін сағат 20:00-де теңіз жағалауында Домбыра күніне орай шара өтеді.