Ақтауда «Сенің үздік нұсқаң» атты халықаралық форум өтті. Форумға әр аймақтан 600-ге жуық адам қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Форумды "ADAL.BIZ" бизнес қауымдастығының тең құрылтайшысы Айдана Мақсұтова мен Бауыржан Қилыбай ұйымдастырды. Бас демеуші - "BS Holding" құрылыс компаниясы.
Қазақстандық кәсіпкерлер елге және шетелге танымал Шамиль Аляутдинов, Бейбіт Алибеков, Қуаныш Шонбай, Тимур Худайбергенов есімді бизнес-тренерлердің дәрісін тыңдап, ақпараттармен танысты. Қажетті сауалдарға жауап алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның мақсаты – облыстағы кәсіпкерлерін басын біріктіру, өзара танысу. Сондай-ақ аталған кездесу Маңғыстау облысындағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға, бірлескен жобаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.