Жобаға күнде ел көзіне көрінбегенмен, елге елеулі еңбек сіңіріп жүрген 29 адам қатысты, деп хабалайды mangystaumedia.kz.
Жобаның мақсаты: қоғамға, жастарға үлгі боларлықтай қарапайым замандастарының жеке басы мен адамгершілік іс-әрекеттерін ақпарат кеңістігінде танымал ету.
Іс-шараға денсаулық, мәдениет, білім саласының қызметкерлері, құрылысшылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен меценаттар, кәсіпкерлер, дін істері басқармасының өкілдері, қаланың тазалығына жауапты мамандар, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қатысты.
Марапатты облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев тапсырды. Жобаға барлығы 29 адам ұсынылып, оның ішінде 24 жеңімпаз анықталды.
Басты марапатқа Гүлбану Нұржанова ие болды. Ол коронавирустық инфекциямен күрестің алдыңғы қатарында болғандар қатарында облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисті, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының инфекциялық бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер. Жобаның 24 қатысушысы "Біздің арамыздағы батырлар" медалін алса, қалған қатысушыларға өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың алғыс хаттары табысталды.