Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев, ҚХА Кеңесінің, аналар Кеңесінің мүшелері, Ассамблея жастары, сондай-ақ ардагерлер Кеңесінің мүшелері қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біз қуатты мемлекет құрдық. Экономикамызды дамытып, халықтың әл-ауқатын арттырдық. Осының бәріне біз берекелі бірлігіміздің арқасында қол жеткіздік. Біздің елімізде жүргізіліп жатқан сындарлы саясаттың арқасында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты. Қазақстандағы тұрақтылық пен бейбітшілік қоғамдағы ынтымақтастық пен теңдіктен, өзара сенім мен құрметтен басталады. Бұл жарқын көрініс-біздің Отанымыздағы түрлі мәдениеттердің үйлесімі. Бұл-біздің біртұтас ұлтқа бірігуіміздің басты қағидаты және бұлжымас стратегиялық бағдары. Сондықтан біздің басты міндетіміз - осындай тұрақтылық пен достықты сақтау", - деп атап өтті Ұлықбек Тналиев.
Кездесу барысында "Қоғамдық келісім" КММ-нің 2022 жылдың І жартыжылдығындағы қорытынды есебі тыңдалды, сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес қоғамдық келісім Кеңесі мүшелерінің танылған құрамы қаралып, бекітілді, ол алдағы уақытта қоғам игілігі үшін қоғамдық жұмыстар жүргізетін болады.
Кеңестің міндеті — азаматтық, қоғамдық келісім және қоғамдағы жалпыұлттық бірлікті нығайту және дамыту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, өзге де бірлестіктерді шоғырландыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.