Н. Қилыбай Ақтау қаласы әкімі қызметін 2 жыл 2 ай атқарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС
Нұрдәулет Қилыбайдың әкімдік қызметі пандемия уақытымен және карантиндік шаралардың енгізілуімен тұспа-тұс келді.
Н. Қилыбайдың бастамасымен COVID-19-ға қарсы күнделікті күрес жүргізілді. Ақтау қаласының әрбір тұрғынының өмірін құтқару үшін дәрігерлерге көмек көрсететін жасақтар ұйымдастырылды.
Пандемия кезінде әкім дәрігерлерге Ақтау қаласының әрбір тұрғынының өмірін сақтап қалу үшін оттегі баллондарын жеткізуге көмектесті. Оның басшылығымен жастар жасақтары ұйымдастырылып, олар оқшаулану кезеңінде қажетті дәрі-дәрмектер, т.б. жеткізуге көмектесті.
АВТОБУС ПАРКІ 100% ЖАҢАРТЫЛДЫ
Қала тұрғындарының жайлылығы үшін биыл автопарк 100%-ға жаңартылды.
ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ
2020 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 6 шағын ауданда (2,6,7,12,26,27) ішкі автожолдар, жаяу жүргіншілер жолдары, балалар және спорт алаңдарында кешенді абаттандыру жүргізілді.
2021 жылы 5 шағын аудандағы NCOC компаниясының демеушілік қаражаты есебінен (5, 8, 9, 13, 28) абаттандыру жұмыстары жүргізілді
Сонымен қатар, 2021 жылы жергілікті бюджет қаражатынан
* 6 балалар ойын алаңы (29-31, 33-19, 33-20, 33-21)
* Шығыс-2/379, 15-шағын ауданның жағалауында 2 воркаут-алаң.
2022 жылы уәде етілген 10 ойын алаңының 8-і орнатылды, сондай-ақ 10 спорт алаңының құрылысы аяқталды.
КӨТЕРМЕ-ТАРАТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Маңғыстау облысы орталықтан алыс орналасқан және барлық тауарлар сырттан әкелінеді. Тауарлардың 80%-ы басқа аймақтардан және шетелден әкелінеді. Сондықтан тұрғындарға қолайлы болу үшін Ақтауда көтерме сауда орталықтары, бөлшек сауда базарлары, дүкендер, мейрамханалар және басқа да бизнес субъектілері үшін азық-түлік тауарларының көтерме саудасын ұйымдастырумен айналысатын көтерме-тарату орталығының құрылысы жүріп жатыр. Осылайша, бұл орталық делдалсыз қала тұрғындарының тауарларды нарықтық бағадан төмен бағамен алуына және жергілікті өндірушілердің (кәсіпкерлердің) өз өнімдерін сатуына ықпал етеді. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 30%-ы аяқталды. Жобаны тапсыру 2023 жылдың II жартыжылдығына жоспарланған.
ҚОҒАМДЫҚ ДӘРЕТХАНАСЫ БАР АЯЛДАМАЛАР
Нұрдәулет Қилыбайдың ұсынысымен Ақтау кәсіпкерлері өз қаражаттарына заманауи аялдамалар орната отырып, өз істерін дамытуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында аялдамаларда қоғамдық дәретханалар, қысқы кезеңде жабық, жылы және жазғы кезеңде кондиционері бар аялдамалар қарастырылған.
Бүгінгі таңда 16 жаңа, заманауи автобус аялдамасы іске қосылды. Ақтау қаласы бойынша орнатылған 16 жаңа аялдаманың 14-інде қоғамдық дәретхана бар. Бүгінгі таңда алтауы іске қосылды.
АҚТАУДА ЕСКІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
2021 жылдың желтоқсанында Ақтау қаласының “апаттық жағдайда” деп танылған 2 тұрғын үйінің тұрғындары жаңа пәтерлерге көшірілді. Үйлер 2022 жылдың 1-тоқсанында толығымен бұзылып тасталды. Осылайша, қалада апаттық жағдайдағы үйлер мәселесі толығымен шешілді.
КӨГАЛДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Ақтауда мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы бойынша бес жыл қатарынан "Green City Aktau" ЖШС көгалдандырумен айналысатын болады.
Компания штатында 140 қызметкер жұмыс істейді, 40-тан астам арнайы техника бар. Қала бойынша суару үшін 20 шақырым құбыр салынды. Жыл соңына дейін тағы 100 шақырым құбыр салу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда тұрғындардың өздері де суару жұмыстарына үлес қосуда. Қала бойынша суару жұмыстарын жүргізуге жауапты аймақтарға бөлінеді. Суаруға ПИК те қатысады.
ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАТЫЛДЫ
2020 жылдары Ақтауда күн тәртібінде құрылыс мәселесі тұрды. Яғни белгілі бір аумақта құрылыс жұмыстарының көптеп жүргізілуі, сондай-ақ үлескерлермен мәселелер туындады. Кей жағдайларда Н. Қилыбай өзі бұл жағдайға араласып, үлескерлерді ашық диалогқа шақырды.
2022 жылдың мамыр айында қала аумағында заңсыз тұрғын үй салу фактісі анықталды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы осы объектіні бұзу туралы өтінішті сотқа жолдады.
Бірінші сот сатысының шешімімен оң шешім шығарылып, алайда меншік иесі бірінші сатыда қабылданған шешімге қайта шағымданды. Қазір сот жүріп жатыр. Әкім мұндай жұмыстардың заңсыз құрылыс салушыларға сабақ болатынына сенімді.
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 2 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бірінші кезекте, 1 А шағын ауданында -әскери госпиталь мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық әкімшілік ғимаратының, сондай-ақ, 17 ш / а 500 орындық студенттік жатақхана құрылысы жүргізілуде.
Приозерный-3 тұрғын массивінің көпфункционалды спорт залын салу жоспарлануда. NCOC компаниясының демеушілігімен 17 ш/а. 1500 орындық "Оқушылар сарайының" құрылысы жүргізілуде, 2023 жылғы мамырда пайдалануға беріледі. Өмірзақ тұрғын массивінде 200 орындық ауылдық клуб салу жоспарда.
ҚАЗАНДЫҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Күн тәртібінде су және жылумен жабдықтау мәселелері өткір тұр. Ақтау қаласы әкімінің айтуынша, егер қазандықтар салынбаса, облыс орталығы болашақта жылу энергиясының тапшылығына тап болуы мүмкін.
"Қазір ЖСҚ 100 Гкал-ға әзірленуде. Сараптама қорытындысын алу биылғы жылдың қазан айына жоспарлануда. Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін бюджеттен ақшалай қаражат сұралады", - деді Нұрдәулет Қилыбай.
Сондай-ақ, 40 Гкал-дық екі қазандық салу жоспарлануда. Бұл нысандар 18 және 32 шағын аудандарда салынады. Инвестор әлі анықталған жоқ.
Су тапшылығын жою мақсатында Ақтауда инвестициялық жоба негізінде Ақшұқыр ауданында өндірістік қуаты тәулігіне 20 000 м3 болатын "СК А-Строй Монтаж" ЖШС зауытының құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТАРИФІН ТӨМЕНДЕТУ
Н. Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес Ақтауда жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған барлық маршруттар үшін тарифті төмендету жоспарлануда.
2021 жылдан бастап Ақтау қаласының қоғамдық көлігі әлеуметтік маңызы бар деп танылды, осыған байланысты барлық шығындар мемлекет есебінен жабылады. Осы мәселелерді және тұрғындар өтінішін ескеріп, қала әкімі қоғамдық көлікте жолаушылар билетінің құнын 70 теңгеден 65 теңгеге дейін төмендетуді ұсынды.
БҰЛ МӘСЕЛЕ МӘСЛИХАТ ДЕҢГЕЙІНДЕ ҚАРАЛАДЫ.
Ортақ келісімге келу
2021 жылы Маңғыстау облысында жалпы алғанда 62 еңбек дауы тіркелді. Кәсіпорын қызметкерлерінің негізгі талаптары-жалақыны көтеру. Жағдайды реттеу және ортақ келісімге келу мақсатында Нұрдәулет Қилыбай еңбек ұжымдарын диалогқа шақырды.
РУХАНИЯТТЫҢ ДАМУЫНА ДА АЙРЫҚША ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ:
- Аймақтық айтыс өткізуге қолдау көрсетіп қана қоймай, айтыс тарихында қазылық еткен әкім ретінде есте қалды;
- Шотан батырдың еңселі ескерткішін орнатуға атсалысты;
- Қос мешіттің бой көтеруіне қолдау білдірді;
Нұрдәулет Қилыбай қала әкімі қызметін атқарған уақыт ішінде облыс орталығында көптеген оң өзгерістер болды. Ең бастысы, Нұрдәулет Игілікұлы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдай білді, олардың шағымдарына жауап берді және әрдайым облыс орталығының өткір мәселелерін бақылауда ұстады.
Тікелей эфирдегі тұрғындармен онлайн кездесу, азаматтарды жеке қабылдау, шағын аудандардың тұрғындарымен кездесулер - күнделікті өмірдегі өзекті мәселелерді шешуге көмектесті.