Маңғыстауда салмағы алты келі сәби дүниеге келді
[ 2019 ] 22 сәуір, 12:57 | Маңғыстау жаңалықтары
16 сәуір күні Ақтау қаласының перзентханасында алпауыт ұл бала дүниеге келді. Салмағы 6 келі болып туған сәбидің ата-анасы Мұнайлы ауданында тұрады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ерекше салмақтағы сәбидің туылуы Мұнайлы ауданының тұрғындарын қуантуда. Себебі мұндай жағдай бұрын-соңды өңірде болмаған.
«Биыл аудан бойынша 1126 сәби дүние есігін ашты. Жақында ғана Еркебұлан есімді кішкентай батырмен қатарымыз толықты. Нәрестенің салмағы 6 келі дегенде таңқалдық. Себебі осы күнге дейін жоғары салмақтағы нәресте аудандық азаматтық хал актілеріне тіркелмеген еді. Сәбидің дені сау, бауы берік болсын», - деп тілегін білдірді Мұнайлы аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Кенганова.
Төртінші перзентін аман-есен бауырына басқан ата-ананың қуанышында шек жоқ. Жаңа туған нәрестенің әкесі Серік Хыдырбаев пен анасы Атлас Темірәлиевамен тілдестік. Айтуынша, сәбидің аты-жөні - Еркебұлан Серікұлы Жовмарт. Денсаулығы да жақсы екен. Олай болса, кішкентайдың бауы берік болсын!
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
2014
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.