Мұнайлыда бокстан қалалық ашық әуесқой турнирі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарыс 20-22 мамыр күндері ұйымдастырылды. Турнирге Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының қызметкері, жедел кезекшінің көмекшісі, азаматтық қорғау аға сержанты Ерлан Қуаныш қатысты. Ол 65 келі салмақта сынға түсіп, жүлделі 2-орын алды.
Жеңімпаз ұйымдастырушы тарапынан медаль алып, алғыс хатпен марапатталды.