Ақтаулық спортшы Ильдар Ягяев стритлифтинг бойынша әлемнің абсолютті чемпионы атанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Әлем чемпионаты бір уақытта Голландия және Қазақстанда өтті. Жарысқа 25-тен астам елден 300-ден астам спортшы қатысты. Олардың арасында ақтаулық спортшылар да бар.
Ильдар Ягяев 62,67 балл жинап, абсолютті чемпион болды.
Төрт спортшы медаль жеңіп алды. Олар 67,5 кг дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында өнер көрсеткен Сүндет Жайлаубаев пен 60 кг дейінгі санатта мультилифтингте Руслан Асильев, 67,5 келіге дейінгі салмақта Аяп Абылайхан пен 75 келіге дейінгі салмақта Эльвин Садықов.
Ал Валид Гаджибеков болса 90 кг дейінгі категорияда тартылудан (брусья) екінші орын алды.
Айта кетейік, абсолютті чемпион Ильдар Ягяев - стритлифтинг федерациясының президенті. Федерацияның негізгі мақсаты - облыста және жалпы Қазақстанда қолжетімді спортты насихаттау және ілгерілету.
Әлем чемпионаты 24-26 маусым аралығында өтті.