Ақтаудағы энергиямен жабдықтау ұйымы тұрғындарға электр есептегішті орнату және пломбалау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Маңғыстау Жарық" ЖШС хабарламасында "АЭжБУ" МКК энергия беруші ұйымының хатында 2022 жылғы шілде айында тұтынылған электр қуаты 2046 кВт көлемінде есептеліп , соған сәйкес төлемақысы көрсетілген. Түбіртектегі сома энергия беруші ұйымның ("АЭжБУ" МКК) "Электр энергиясын пайдалану қағидаларына " (2015 жылғы 25 ақпандағы№ 143) сәйкес есептелген.
"Осыған байланысты, электр есептегіштерді орнату, сондай - ақ "АЭжБУ" МКК-ға келесі телефон арқылы пломбалауға өтінім беруді ұсынамыз: 8(7292) 60-71-29", - делінген хабарламада.