© Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
Жеті жыл қатарынан студенттер осы мектепте бас қосады. Іс-шара Каспий күні аясында Каспийдің биоалуантүрлілігін сақтау мәселелеріне арналған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жазғы мектеп жұмысы "Эко Маңғыстау" ҮЕҰ ұйымдастыруымен бастау алды. Оқу барысында Каспийдің биоалуантүрлілігін сақтау мәселелері бойынша бірлескен шешімдерді әзірлеу үшін студент жастарды тарта отырып, тұрақты түрде іс-шаралар өткізеді, онда мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және түрлі компаниялардың мамандары кездеседі.
"Негізгі мақсаттардың бірі - студенттердің Каспий итбалығы популяциясы санының азаюына әсер ететін себептерін анықтау, оның қазіргі жай-күйі және теңіздің бүкіл биоәртүрлілігі туралы білім деңгейін арттыру. Ашық конкурс нәтижелері бойынша Ақтау мен Атыраудан 30-дан астам қатысушы іріктелді. Жастар бір апта бойы теңіз жағалауында Қазақстан мен Ресей мамандарының қатысуымен Каспий итбалығы популяциясының жай-күйін бағалау әдістері туралы біліп, популяция санының қысқаруына әкелетін себептерді зерделейді, сондай-ақ іс жүзінде сараптамалық материалдарды жинайды. Жазғы экологиялық мектеп аясында шеберлік сыныптары мен басқа да көптеген іс-шаралар өтеді", - деді"Эко Маңғыстау" ҰПУ жетекшісі Кирилл ОСИН.