"Қазақстан темір жолы" 15 қазаннан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қазір төмен коэффициент бойынша жалақы алатын 68 мың жұмыскердің жалақысы артады. Бұл туралы теміржол компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
- Қазіргі еңбекақы төлеу жүйесі тарихи қалыптасқан учаскелік коэффициенттерге негізделеді, олар бір облыс шегінде де, бір облыста төрт коэффициентке дейін өзгереді. Осыған байланысты, бір аймақта жақын орналасқан кәсіпорындар әртүрлі мөлшерде жалақы алады. Бұл еңбек ұжымдары тарапынан барынша төмен коэффициенттермен объективті наразылық туғызады, - делінген таратылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда Маңғыстау магистралдық желі бөлімінің Бейнеу жол дистанциясының қызметкерлері ереуілге шығып, жалақыны екі есеге арттыруды талап еткен болатын. ҚТЖ қаражаттың жоқтығынан олардың талаптарын толық орындай алмайтынын түсіндірді.
Сонымен қатар, ұлттық темір жол компаниясының сайтында "Қазақстан темір жолының" сыртқы қарызы 1,9 триллион теңгені құрайды делінген. Соңғы бес жылда компанияға мемлекеттік субсидия түрінде 171 миллиард теңге бағытталды.