Тұрғын массивтердің атауын өзгерту жөніндегі жиын Өмірзақ ауылына қарасты № 27 орта мектебінің мәжіліс залында 8 тамыз күні сағат 17.00-де өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Өмірзақ ауылының әкімдігіне сілтеме жасап.
Күн тәртібінде Өмірзақ ауылына қарасты «Приморский» тұрғын массивінің атауын және көшелерінің атауларын өзгерту, «Приозерный-1,2,3» тұрғын массивінің атауын өзгерту, «Рауан» тұрғын массивінің көшелеріне атау беру қарастырылады.
- Жиын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының 1), 2) - тармақшаларына сәйкес өткізіледі, - делінген әкімдік хабарландыруында.