Еліміздің барлық өңірлерінде азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін арнайы call-орталығы құрылды.
Қазіргі уақытта Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті 4 бағыт бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына (ӘМАТ) талдау және мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аталған министрлікке сілтеме бере отырып.
ӘМАТ-қа бағаның көтерілуіне тап болған азаматтардың өтініштерін есепке алу және деректерді талдаудың дұрыстығын арттыру мақсатында үй жанындағы дүкендерде, базарларда, супермаркеттерде және басқа да ұйымдасқан сауда орындарында сауда және интеграция комитетінің жанынан call-орталық құрылды.
Өтініштерді қабылдау үшін телефон нөмірлері және Үкімет қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі қоса беріледі.
Хабарламаларды қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.
Жұмыс күндері және демалыс күндері азаматтар әлеуметтік желілердегі СИМ аккаунттарында пікірлер бөлімінде өтініштерін қалдыра алады:
Facebook: https://www.facebook.com/mtiqz
Instagram: https://instagram.com/sauda_inform?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Келіп түскен барлық өтініштер бойынша жедел тексерулер ұйымдастырылады. ӘМАТ-қа белгіленген сауда үстемесінің мөлшерінен 15% асып кету фактілері анықталған жағдайда, материалдар одан әрі әкімшілік шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін болады.