Маңғыстаулық жеті дүркін әлем чемпионы Ильдар Ягьяев стритлифтинг және воркаут спорт түрінен әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спортшы 2021 жылы Киев қаласында 40 фунт салмақтағы ауырлықты екі қолмен 10 рет белтемірге тартылып рекорд орнатқан. Ильдар 19 қыркүйек күні Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы сертификатын алған.
Спортшының айтуынша, нәтижені тіркеуге өтінішті шамамен жеті ай бұрын жіберген.
-Кейде өтінімді қарау жарты жылға созылады. Мен өзімнің нәтижем туралы видеоны Гиннестің рекордтар сайтына жібердім. Бекітуге үш ай қажет болды. Кейін менің рекордым тіркелді. Рекордшылар тізімін шынымен толықтырған Сертификат Лондоннан жіберілді. Ол маған бір айға жуық келді. Ал 19 қыркүйекте мен оны алдым, - деді спортшы.
Маңғыстау облысы стрит-воркаут және стритлифтинг федерациясының президенті Ильдар Ягъяев стрит-воркаут және стритлифтинг қозғалысының өңірімізде ғана емес республика көлемінде танытуға зор үлес қосуда.
- Стрит-воркаут пен стритлифтинг Қазақстанда ресми спорт түрі ретінде танылғанын қалаймын. Бұл спорт түріне қажетті көңіл бөлінсе, еліміздің туын әлемдік аренада жиі көтеру мүмкіндігіне ие болар едік, - деді Ильдар.
Айта кетсек, бұған дейін осы жылдың сәуір айында маңғыстаулық Бибісара Асаубаева әйелдер арасында блиц ойыны бойынша ең жас әлем чемпионы атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.