Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-турында «Ақтөбе» мен «Каспий» тең ойнады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтөбелік клуб биыл турнир кестесінде жүлделі орынға басты үміткер клубтардың санатына енген. Сондықтан әрбір ойында жеңіске жетуге күш салып келеді.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізгеніне қарамастан, екі клуб ойыншылары да қақпадан саңылау таба алмады. Осылайша ойын нәтиже 0:0 есебімен аяқталып, тең есеппен тәмам болды.
27 мамырда «Каспий» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды. Әзірге маңғыстаулық клуб маусым басталғалы сәтсіздікке ұшырап, бірнеше ойында есе жіберді. Қазір премьер лига кестесінде 9 ұпаймен 12-ші орында тұр.