2021-2022 жылдар аралығында «Ата-мекен 2021» тұтыну кооперативінің басшысы мен менеджерлері инвесторларға Ақтау қаласында жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ жаңа және пайдаланылған автокөліктерді тиімді шарттармен пайызсыз және үстеме төлемсіз бөліп төлеу принципі бойынша сатып алуды ұсынған деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР қаржылық мониторинг агентігіне сілтеме бере отырып.
Бағдарламалар бойынша 25 миллион теңгеге дейін автокөлік және 50 миллион теңгеге дейін жылжымайтын мүлік сатып алуға болатын.
Осылайша, аталған кооператив әрекеттерінде қаржылық пирамида ұйымдастырудың белгілері анықталып отыр.
Анықталған шығын көлемі 50 миллион теңгені теңгені құрайды, күдіктілердің мүлкі мен есепшоттарына тыйым салынды.
ҚР ҚПК 201-бапқа сәйкес тергеп-тексеру мүддесiне қатысты өзге де мәлiметтер жария етуге жатпайды.