Маңғыстаулық екі спортшы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасына сілтеме жасап.
19-26 маусым аралығында Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтті. Жарыста Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Жапония, Қырғызстан, Монғолия, Түрікменстан, Корея, Тәжікстан, Иордания, Бангладеш мемлекетінің спортшылары бақ сынады.
Еркін күрестен (U17) 92 келі салмақта Камиль Курулиев, грек рим күресінен (U23) 130 келіде Әлібек Сарсенғалиев алтын алды. Сондай-ақ, 82 келіде грек рим күресінен Рахат Сағымбай қоланы еншіледі.
Камильдің жаттықтырушылары — Магомед Куруглиев пен Роман Ахмедханов. Ал Әлібек Сарсенғалиев пен Рахат Сағымбайдың бапкерлері — Александр Цыганов пен Айсұлтан Байзақов.
- Жарыс жоғары дәрежеде болды. Менің қарсыластарым Қырғызстан мен Үндістаннан мемлекетінің балуандары. Бірінші кездесуде қырғыздық балуанды 4-0 есебімен жеңіп, екінші кездесуде де үндістандық балуанды 4-0 есебімен таза жеңіске жеттім, - деді Азия чемпионы Әлібек Сарсенғалиев.