Спортшы Камиль Куруглиев Италия астанасы - Римде өткен еркін күрестен U17 әлем чемпионатында бірінші орын алды. Бұл туралы Маңғыстау облысының еркін күрестен аға жаттықтырушысы Роман Ахметханов айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Еркін күрестен U17 әлем чемпионаты 31 шілде күні аяқталды.
Маңғыстау облысы атынан 92 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Камиль Куруглиев - Роман Ахмедханов пен Магомед Куруглиевтің шәкірті.
Жартылай финалда Камиль АҚШ спортшысы Максвелл Райан Макэнеллимен кездесіп, 12:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Шешуші финалдық кездесуде Камиль венгриялық Мұса Арсункаевты 11:0 есебімен жеңіпі, әлем чемпионатында бірінші орынды алды.