Ақтауда Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ашық Азия кубогы өтіп жатыр. Жыл сайын өтетін дүбірлі додада Азияның 6 мемлекетінен 200-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарыстың алғашқы күнінде маңғыстаулық спортшылар алдыңғы қатардан көрінді. 66 келіде белдескен Сұңғат Жұбатқан мен 73 келіде күрескен Асқар Нарқұлов ақтық сынға жолдама алды.
Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай, лицензиялық жарыс саналатын ашық Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне төмендегідей рейтингілік ұпайлар беріледі:
1 орын – 100 ұпай, 2 орын – 70 ұпай, 3 орын – 50 ұпай.