Ақтауда дзюдодан өтіп жатқан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогында маңғыстаулық екі спортшы алтын медальды еншіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
66 келі салмақта Сұңғат Жұбатқан боз кілемде бабында екенін көрсетіп, І-орын иеленсе, 73 келі салмақта Асқар Нарқұлов өзге спортшыларға тізе бүктіріп, алтын жүлдені қанжығалады. Енді оларға Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай лицензиялық рейтинг бойынша 100 ұпай беріледі.
Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан XIII ашық Азия кубогының ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай, JUA өкілі, ҚР дзюдо федерациясының атқарушы хатшысы Асхат Житкеев, Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Асылбек Жолдыбаев қатысты.
Шараға 6 мемлекеттен 200-ге тарта спортшы қатысып жатыр.
Маңғыстаулық спортшылар жеңіс тұғырында еліміздің гимнін шырқатты.
Азия кубогының алғашқы күніндегі жеңімпаздар тізімі:
Ерлер
60 келі
1. Достон Рузиев (Өзбекстан)
2. Дамир Болатбеков (Қазақстан)
3. Фу Хин (Қытай)
3. Шерзод Давлатов (Қазақстан)
66 келі
1. Сұңғат Жұбатқан (Қазақстан)
2. Абубакр Шеров (Тәжікстан)
3. Азамат Ғалымов (Қазақстан)
3. Болат Біләл (Қазақстан)
73 келі
1. Асқар Нарқұлов (Қазақстан)
2. Барыс Қуан (Қазақстан)
3. Жуа Джин Лонг (Қытай)
3. Дархан Қойбағар (Қазақстан)
Қыздар
48 келі
1.Тинг Луи (Қытай)
2. Зонгуинг Гуо (Қытай)
3. Ғалия Тынбаева (Қазақстан)
3.Жанерке Асқарова (Қазақстан)
52 келі
1. Лиу Липинг (Қытай)
2. Лиу Бен (Қытай)
3. Зухрахон Мамуржанова (Өзбекстан)
3. Шук Ки Цуи (Гонконг)
57 келі
1. Хуанхи Лин (Қытай)
2. Кай Ки (Қытай)
3. Джао Лие (Қытай)
3. Бақыт Құсақбаева (Қазақстан)
63 келі
1. Луи Хан (Қытай)
2. Ленг По Сун (Гонконг)
3. Тан Джин (Қытай)