Бүгін маңғыстаулық шабандоздар 1 200 шақырымды бағындырып, марафон-бәйгеден 1-орын алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шабандоздар ең алғаш болып Түркістан қаласындағы мәре сызығына жетті. Жеңімпаз команда «Ұлы Дала Сарбазы» атағын иеленіп, 30 млн теңге көлеміндегі жүлдені алды.
Ал Түркістан облысы екінші орынға тұрақтады. Үшінші орынды Жетісу облысы иеленді.
Айта кетейік, бәйге 18 қыркүйек күні Астана қаласынан басталды. 19 команда қатысты. Алғашқы кезеңнен Маңғыстау облысы алда келіп, жақсы көрсеткіш көрсеткен болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА