Маңғыстаулық 6 спортшы каратэ-додан әлем және Азия чемпионатына аттанады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрсұлтан қаласында каратэ-додан Nursultan Cup II халықаралық турнирі өтті. Жарыста 500 жуық спортшы бақ сынады. Жарыс 6-7, 8-9, 10-11, 12-13, 14-15, 16-17, 18-20 жас аралығында өтті.
Жалпы командалық есепте Алматы қаласы 1-орын, Маңғыстау облысы 2-орын, Нұр-Сұлтан қаласы 3-орын иеленді. Маңғыстаулықтардың қоржынына 12 алтын, 11 күміс, 9 қола медалмен толықты.
Каратэден жастар бойынша Маңғыстау облысының аға жаттықтырушы Мирас Шамовтың айтуынша, Нұр-сұлтан қаласында өткен іріктеу жарысы соңғы шешуші кезең. Маңғыстау облысынан 6 спортшы ел намысын Әлем және Азия чемпионатында қорғайды. Атап айтқанда, ката бағдарламасы бойынша Артур Саидов 14-15 жас, 52 келі салмақта Әлтайыр Джалғасбаев 14-15 жас , 57 келі салмақта Асқарбек Фаутсаффар 14-15жас, 54 келі салмақта Әсел Сағидулла 14-15жас, + 54 келі салмақта Айшабибі Шарахан 14-15жас, Айдос Мұхат 18-20 жас бойынша сынға түседі.
«Қазақстанның 5 қаласында өткен рейтингтік турнирлердің нәтижесінде жиналған ұпай сандары жоғары спортшылар әлемдік аренаға жолдама алды. Әлем чемпионаты 26 қазан күін Түркия елінің Конья қаласында өтеді. Азия чемпионаты 16 желтоқсан күні Өзбекстан елінің Ташкент қаласында ұйымдастырылады. Ел намысын жоғары деңгейде қорғауға бар күш жігерімізді саламыз», - деді Мирас Шамов.
Айта кетейік, жарыс 25-28 тамыз аралығында өтті.