2022 жылы 1 желтоқсанда сағат 22:00 шамасында Қызыл-төбе 2 ауылында жол-көлік оқиғасы болған. "Lada Granta" автокөлігінің жүргізушісі басты жолға қосылу кезінде бағыттас келе жатқан "Ваз 2114" автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соқтығысу нәтижесінде соңғысы инерция салдарынан жарық бағанына соғылды.
22 жастағы кінәлі жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Екінші көлікті кәмелетке толмаған жүргізуші басқарған. Жасөспірімнің заңды өкіліне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.